2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 4С-3-4 шешімі
(2008.07.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 15 шілдедегі № 4С-16-8 шешімімен күші жойылды
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 63 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № А-12/389 қаулысына байланысты Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ақмола облыстық мәслихатының 2008.05.03. № 4С-5-4 (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 4С-7-5 (бұр.ред.қара); 2008.18.09. № 4С-9-5 (бұр.ред.қара); 2008.07.11. № 4С-10-2 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 2008 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 55 336 825,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 6 246 905,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 133 037,7 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 48 956 881,8 мың теңге:
2) шығындар - 56 777 207,2 мың теңге;
3) операциялық сальдо - - 1 440 381,9 мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелер - 679 857,2 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер - 674 000 мың теңге;
бюджеттік несиелердің өтелуі - 854 840,8 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 130 300 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 130 600 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 300 мың теңге
6) бюджет дефициті (профициті) - - 2 250 539,1 мың теңге;
7) бюджет дефицитін каржыландыру (профицитті пайдалану) - 2 250 539,1 мың теңге.
2. Облыстық бюджетке, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттеріне кірістерді бөлудің нормативтері келесі мөлшерде белгіленсін:
1) облыстық бюджетке төлем көздеріне салынатын кірістердің жеке табыс салығы бойынша - 100%;