Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың біріктірілген есептерін беру, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 25 маусымдағы № 188 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 41-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына, 55-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың біріктірілген есептерін беру, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ережесі бекітілсін.
2. Мынадай қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 2003 жылғы 29 мамырдағы № 178 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2387 тіркелген);