Введите номер документа
Прайс-лист

«Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғалардың мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 180 Қаулысы (2013.05.03. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датачетверг, 21 февраля 2008
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 14 марта 2013

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғалардың мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 180 Қаулысы

(2013.05.03. берілген өзгерістермен)

 

2007 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы туралы келісімге қоса берілген Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының Қаржы ережелерінің 2-бабы b) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды ұстауға арналған шығыстар сметасы бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1738 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2011 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды қаржыландыруды тиісті жылға арналған республикалық бюджетте 013 «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа да органдарында, халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жүзеге асырсын.

3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1738 Қаулысымен (2011 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.03. № 211 Қаулысымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) смета жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 21 ақпандағы

№ 180 қаулысымен

бекітілген



Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің
Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды ұстауға арналған
шығыстар сметасы

 

Р/с

Шығыстардың атауы

Шығыстардың сомасы

(АҚШ долларымен)

1.

Жалақы:

1) атқарушы директордың орынбасары (2850 х 12 айға)

2) кәсіби персоналдың мүшесі (2700 х 12 айға)

3) кәсіби персоналдың мүшесі (2700 х 12 айға)

99000

2.

Тұрғын үй-жайларды жалға алуға ақы төлеу:

1) атқарушы директордың орынбасары (1500 х 12 айға)

2) кәсіби персоналдың мүшесі (1000 х 12 айға)

3) кәсіби персоналдың мүшесі (1000 х 12 айға)

42000

 

Барлығы

141000

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами