Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешімі
Осы редакция 2008 жылғы 11 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2008 жылға арналған республикалык бюджеті туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 8-ІV Заңын орындау үшін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 42018728,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1486338,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 25264,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 40507126,0 мың теңге;
2) шығындар - 41994728,0 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 24000,0 мың теңге;
5) қаржы активтермен операциялар бойынша сальдо - 24000,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 24000,0 мың теңге.
2. Облыстық бюджеттің кірісіне есептелетіндер белгіленсін:
қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем төлеу;
облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автокөлік жолдарымен жүрген үшін жиындар;
облыстық маңызы бар жалпы пайдалануға арналған автокөлік жолдарының бұру жолағындағы сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлем;
жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;
орманды пайдаланғаны үшін төлем;
жергілікті маңызы бар айрықша қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем;
коммуналдық меншіктен түсетін кірістер;
облыстық әкімдігінің шешімі бойынша құрылған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кіріс бөлігінің түсімдері;
облыстық коммуналдық меншікке жататын мемлекеттік акциялар пакеттеріне түсетін дивиденттер;
облыстық коммуналдық меншікке кіретін заңды тұлғалардың қатысу үлесінің кірістері;
облыстық коммуналдық меншікті жалға беруден түсетін түсімдер;
облыстық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);