Қарағанды қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған IV сессиясының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 47 шешімі
(2008.26.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты Қарағанды қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 2-9/224 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 85 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды қалалық мәслихатының 2008.31.03. № 83 (2008 жылдың 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.28.05. № 107 (бұр.ред.қара); 2008.29.08. № 128 (бұр. ред. қара); 2008.26.11. № 162 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 2008 жылға арналған қала бюджеті 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 20 432 324 мың теңге; оның ішінде:
салықтық түсімдері - 11 466 820 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 55 197 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 2 105 027 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 6 805 280 мың теңге;
2) шығындар - 20 495 287 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 79 398 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 555 394 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 558 070 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2 676 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - 618 357 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 618 357 мың теңге:
Қарағанды қалалық мәслихатының 2008.28.05. № 107 шешімімен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджет кодексінің 49 бабының 1 тармағына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 35 шешімімен Қарағанды қаласы бюджетіне келесі көлемдегі аудару нормативтері бекітілді:
жеке табыс салығы бойынша - 42 пайыз;