Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан халқы
Ассамблеясының ережесі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 ж. 26 сәуірдегі № 856 Жарлығы
(2007.26.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2007.26.07. № 370 Жарлығымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Президентінің 2007.26.07. № 370 Жарлығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан халқы бірлігін, қоғамдағы тұрлаулылық пен келісімді нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін одан әрі көтеру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған:
ҚР Президентінің 2005.23.04. № 1561 Жарлығымен 1) тармақша толықтырылды; ҚР Президентінің 2007.26.07. № 370 Жарлығымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан халқы Ассамблеясының 2011 жылға дейiнгi стратегиясы;
ҚР Президентінің 2007.26.07. № 370 Жарлығымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже бекітілсін.
ҚР Президентінің 2007.26.07. № 370 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясын іске асыру жөнінде тиісті іс-шаралар қолдансын және бұрын қабылданған шешімдерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. "Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы № 2066 Жарлығының және "Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы № 2066 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 қазандағы № 450 Жарлығының күші жойылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі
№ 856 Жарлығымен бекітілген
ҚР Президентінің 2005.23.04. № 1561 Жарлығымен стратегия өзгерді (бұр. ред. қара)