Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 688 Қаулысы (2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 688 Қаулысы (2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Gold+, Bin+, Silver+, Юрист-VIP

Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 688 Қаулысы

(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 10 қыркүйектегі № 1341 Қаулысымен тақырыбы және мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін арттыру үшін Қазақстан Республикасының Халықаралық рейтингтік агенттіктермен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже;

2) Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 89 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.10.09. № 1341 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.06. № 612 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.24.06. № 705 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.17.06. № 607 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 17 шілдедегі

№ 688 қаулысымен

бекітілген

 

 

Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды
жақсарту жөніндегі комиссияның
құрамы

 

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары, хатшы

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

«Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының атқарушы директоры (келісім бойынша)

«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

 

ҚР Үкіметінің 2009.10.09. № 1341 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 17 шілдедегі

№ 688 қаулысымен

бекітілген

 

 

Халықаралық рейтинтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) туралы ереже Комиссияның мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.

2. Комиссияның басты мақсаты халықаралық рейтингтік агенттіктермен тұрақты негізде қажетті келісілген ақпаратты оларға ұсыну жолымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне ұқсас егемен кредиттік рейтингтері бар елдер тобында болуын қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен өкілеттіктері

 

3. Комиссияның міндеттері:

халықаралық рейтингтік агенттіктермен ынтымақтастықтың тиімді нысанын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

халықаралық рейтингтік агенттіктерге ақпарат беру стандарттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

4. Комиссия өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:

халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, үйлестіру және жетілдіру үшін қажетті іс-қимыл жасауға;

сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиісті бейіндегі мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда қойылған міндеттерді шешу үшін сарапшы топтарды ұйымдастыруға;

мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;

өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге құқылы.

 

 

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

 

5. Комиссияны оның төрағасы басқарады.

6. Комиссияның төрағасы оның жұмысын ұйымдастырады, төраға болмаған жағдайда Комиссияның отырысын төраға орынбасарларының бірі өткізеді.

ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.17.06. № 607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда

7. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Комиссияның жұмыс органы комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.

ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.

ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиiс.

Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.

Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не келіспеу туралы себептерін негіздей отырып жауап береді.

ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 10-тармақпен толықтырылды

10. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.

 

ҚР Үкіметінің 2009.10.09. № 1341 Қаулысымен жоспар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.24.06. № 705 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.17.06. № 607 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жоспар өзгертілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 17 шілдедегі

№ 688 қаулысымен

бекітілген

 

 

Халықаралық рейтинтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі

іс-шаралар жоспары

 

Р/с

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Орындалуына жауаптылар

Іске асырылу мерзімі

Болжамды шығыстар

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы келісілген формат бойынша ағылшын тілінде халықаралық рейтингтік агенттіктерге таныстыру ақпаратын ұсыну

Standard& Poor's, Moody's Investors Service, Fitch Rаtings Ltd-ға таныстыру

ЭБЖМ (жинақтау), ҰБ, Қаржымині, СА, ИЖТМ, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

Талап етілмейді

2.

Халықаралық рейтингтік агенттіктердің талдаушыларына олардың сұрауы бойынша қызықтыратын ақпарат беру

Standard& Poor's, Moody's Investors Service, Fitch Rаtings Ltd-ға ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

Тұрақты негізде

Талап етілмейді

3.

Standard& Poor's, Moody's  Fitch талдаушыларының Қазақстанға жыл сайынғы сапарларын жоғары деңгейде ұйымдастыру

Standard& Poor's, Moody's Investors Service, Fitch Rаtings Ltd.талдаушыларының сапары

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

Жылына 3 рет

Республикалық бюджет 010 «Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтингілік агенттіктерімен өзара іс-қимыл» республикалық бюджеттік бағдарламасы

4.

Талдаушылармен және агенттіктердің өзге де тұлғаларымен көкейкесті мәселелерді талқылау бойынша Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының және өзге де ұйымдарының қатысуымен Конференц-call ұйымдастыру

Конференц-call

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдары, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Ай сайын

Талап етілмейді

5.

Халықаралық рейтингтік агенттіктердің алдын ала баспасөз-релиздерін талдау, қажет болған жағдайда талдаушыларға дау туғызатын ақпарат жіберу

Талдамалық жазба

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

Жылына 3 рет

Талап етілмейді

6.

Қазақстан Республикасының экономика саласындағы барлық оң үрдістер мен жаңалықтар туралы халықаралық рейтингтік агенттіктерге ақпараттық анықтама жіберу

Ақпараттық анықтама

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Тұрақты негізде

Талап етілмейді

7.

Дағдарыстық жағдайларға ерте ден қою жүйесін құру шеңберінде кейіннен жұмыста пайдалану үшін талдаушылардың болжамдарын мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу

Ақпараттық анықтама

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Рейтинг тік агенттіктер талдаушыларының болжамдарын беруіне қарай

Талап етілмейді

8.

Шет елдердің рейтингтеріне мониторинг, басқа елдер бойынша талдаушылардың ұстанымдары, оларды Қазақстан бойынша деректермен салыстыру

Талдамалық ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Жарты жылда 1 рет

Талап етілмейді

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

ҚҚҚ - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы

ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!