1992 жылы туған жастарды Павлодар қаласының шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімиятының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 28 шешімі
Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 39 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33-бабы, 1-тармағы, 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабы, 3-тармағына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
1. 1 қосымшаға сәйкес 2009 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін 1992 жылы туған жастарды, сондай- ақ бұрын тізімге алынбаған ересектерді Павлодар қаласының шақыру учаскесіне тізімге алу жүргізілсін.
2. Мыналар:
1) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, мекемелердің және оқу орындарының басшыларына талап етілетін құжаттарымен тізімге алынатын жастардың Павлодар қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасына уақытында келуін қамтамасыз ету;
2) емдеу мекемелерінің бас дәрігерлеріне тізімге алу жұмысы басталысымен жастар арасында емдеу- сауықтыру жұмысын ұйымдастыру және емдеуді қажет ететіндерді жасөспірімдер кабинеттеріне дербес есепке алу. Жасөспірімдер дәрігерлерінің жастарды медициналық куәландыруда қатысуын ұйымдастыру ұсынылсын.
3. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1992 жылы туған жастарды, сондай- ақ бұрын тізімге алынбаған ересектерді шақыру учаскесіне тізімге алуды ұйымдастыру мен өткізу үшін шығыс сметасына сәйкес ақша қаражатын бөлсін.
4. Павлодар қаласы әкімінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы «1991 жылы туған жастарды Павлодар қаласының шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу туралы» № 22 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтик құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-1-101 тіркелген, 2008 жылғы 5 ақпандағы «Сарыарқа самалы» № 13 және 2008 жылғы 4 ақпандағы «Версия» № 5 газеттерінде жарияланған).
5. Осы шешім оның бірінші ресми түрінде жарияланған күннен 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.