Введите номер документа
Прайс-лист

«1993 жылы туған жастарды Павлодар қаласының шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу туралы» Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 39 шешімі (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 22 декабря 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 5 января 2011

1993 жылы туған жастарды Павлодар қаласының шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 39 шешімі

 

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің 2010.06.12. № 25 шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы, 1-тармағы, 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабы, 3-тармағына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:

1. Қосымшаға сәйкес 2010 жылдың қаңтарынан наурызына дейін 1993 жылы туған жастарды, сондай-ақ бұрын тізімге алынбаған ересектерді Павлодар қаласының шақыру учаскесіне тізімге алу жүргізілсін.

2. Ұсынылсын:

1) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, мекемелердің және оқу орындарының басшыларына талап етілетін құжаттарымен тізімге алынатын жастардың Павлодар қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасына уақытында келуін қамтамасыз етсін;

2) емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері тізімге алу жұмысы басталысымен жастар арасында емдеу-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру және емдеуді қажет ететіндерді жасөспірімдер кабинеттеріне дербес есепке алсын. Жасөспірімдер дәрігерлерінің жастарды медициналық куәландыруда қатысуын ұйымдастырсын.

3. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1993 жылы туған жастарды, сондай-ақ бұрын тізімге алынбаған ересектерді шақыру учаскесіне тізімге алуды ұйымдастыру мен өткізу үшін шығыс сметасына сәйкес ақша қаражатын бөлсін.

4. Павлодар қаласы әкімінің 2008 жылдың 24 желтоқсандағы «1992 жылы туған жастарды Павлодар қаласының шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу туралы» № 28 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-1-130 тіркелген, 2009 жылғы 3 ақпандағы «Сарыарқа самалы» № 14 газетінде, 2009 жылғы 2 ақпандағы «Версия» № 4 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы шешім оның алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами