2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 137-IV шешімі
(2009.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес және облыс әкімияты ұсынған 2009 жылға арналған облыстық бюджет жобасын қарап, облыстық мәслихат Х сессиясында ШЕШІМ ЕТТІ:
Атырау облыстық мәслихатының 2009.14.01. № 149-IV шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.17.04 № 175-IV шешімімен (бұр. ред. қара); 2009. 03.07. № 237-IV шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.16.10. № 253-IV шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.26.11. № 280-IV шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес келесідей көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 97 330 584 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 46 252 654 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 347 253 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 100 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері - 50 730 577 мың теңге;
2) шығындар - 83 777 157 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 1 049 540 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер - 22 000 мың теңге;
несиелерді өтеу - 1 428 540 мың теңге;
4) Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 13 960 148 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 13 963 054 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2 906 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 642 819 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -642 819 мың теңге.
2. 2009 жылға арналған облыстық бюджет табыстары Бюджеттік кодексіне сәйкес келесідей салықтық түсімдер есебінде жасақталатыны белгіленсін:
Атырау қаласы мен аудандар бюджеттеріне есептелетін сомада басқа әлеуметтік және жеке табыс салығы;