«2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 желтоқсандағы кезектен тыс ХІ сессиясының № 114 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 134 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 желтоқсандағы кезектен тыс ХІ сессиясының № 114 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4213 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінің 2009 жылғы 6 қаңтардағы 2-3 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
1-тармақтағы:
1) тармақшадағы:
«47 370 166» деген сандар «76 421 091» деген сандармен ауыстырылсын;
«89 449» деген сандар «449 786» деген сандармен ауыстырылсын;
«42 211 792» деген сандар «70 902 380» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
«46 043 006» деген сандар «76 755 436» деген сандармен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы:
таза бюджеттік кредит беру жолындағы «250 000» деген сандар «488 070» деген сандармен ауыстырылсын;
бюджеттік кредиттер жолындағы «250 000» деген сандар «815 000» деген сандармен ауыстырылсын;
бюджеттік кредиттерді өтеу жолындағы «0» деген сан «326 930» деген сандармен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы:
«1 077 160» деген сандар «1 073 160» деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы:
«0» деген сан «-1 895 575» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы:
«0» деген сан «1 895 575» деген сандармен ауыстырылсын;
аталған шешімнің 4-тармағы мынадай мазмұндағы 6)-8)
тармақшалармен толықтырылсын:
«6) мектеп алды даярлықпен балаларды қамтуды көбейту мақсатында мемлекеттік білім беру мекемелерінен басқа мектепке дейінгі білім
ұйымдарында мемлекеттік білім тапсырысын орналастыруға - 68118 мың теңге;