2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 114 шешімі
(2009.11.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қызылорда облыстық мәслихатының 2009.29.01. № 134 шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.13.04. № 152 (бұр.ред.қара); 2009.21.04. № 156 (бұр.ред.қара); 2009.08.07. № 175 (бұр.ред.қара); 2009.02.10. № 181 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді; 2009 жылғы 11 қарашадағы № 190 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 92 999 504 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 19 330 208 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 663 223 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 3 500 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 73 002 573 мың теңге;
2) шығындар - 93 774 468 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 400 774 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 815 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 327 426 теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1 632 160 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 1 077 160 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -2 807 898 теңге;
6) бюджет тапшылығы қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 807 898 теңге.
2. Аудандар мен Қызылорда қаласының бюджеттерінен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей болып белгіленсін:
жеке табыс салығы: аудандар бюджеттерден - 0 пайызға, Қызылорда қаласының бюджетінен - 50 пайызға;
әлеуметтік салық аудандар бюджеттерінен - 10 пайызға, Қызылорда қаласының бюджетінен - 57,3 пайызға.
3. Аудандық бюджеттерге берілетін субвенциялардың көлемі 15 839 803 мың теңге болып белгіленсін, оның ішінде:
мың теңге
| Арал ауданы | 2 695 255 |
| Қазалы ауданы | 2 836 947 |
| Қармақшы ауданы | 1 925 079 |
| Жалағаш ауданы | 1 613 195 |
| Сырдария | 1 367 849 |