2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 114 шешімі
(2009.13.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 21 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қызылорда облыстық мәслихатының 2009.29.01. № 134 шешімімен (бұр.ред.қара); Қызылорда облыстық мәслихатының 2009.13.04. № 152 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 78 713 239 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 5 065 425 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 449 786 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 3 500 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 73 194 528 мың теңге;
2) шығындар - 79 884 975 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 488 070 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 815 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 326 930 теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1 073 160 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 1 077 160 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -2 732 966 теңге;
6) бюджет тапшылығы қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 732 966 теңге.
2. Аудандар мен Қызылорда қаласының бюджеттерінен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей болып белгіленсін:
жеке табыс салығы: аудандар бюджеттерден - 0 пайызға, Қызылорда қаласының бюджетінен - 50 пайызға;
әлеуметтік салық аудандар бюджеттерінен - 10 пайызға, Қызылорда қаласының бюджетінен - 57,3 пайызға.
3. Аудандық бюджеттерге берілетін субвенциялардың көлемі 15 839 803 мың теңге болып белгіленсін, оның ішінде:
мың теңге
| Арал ауданы | 2 695 255 |
| Қазалы ауданы | 2 836 947 |
| Қармақшы ауданы | 1 925 079 |
| Жалағаш ауданы | 1 613 195 |
| Сырдария | 1 367 849 |
| Шиелі ауданы | 2 499 141 |
| Жаңақорған ауданы | 2 902 310 |