Коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы объектілерді, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттарын белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2002 жылғы 11 қарашадағы № 394 қаулысы
(2004.14.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.02.03 № 70 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы Ережелерді бекіту туралы» № 336 қаулысына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттары белгіленсін (№ 1 қосымша).
2. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттары белгіленсін (№ 2 қосымша).
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2003.13.02. № 77 қаулысымен; 2004.14.05. № 246 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Уәкілетті органдар болып белгіленсін:
1) облыстық коммуналдық меншік департаменті облыстық бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың өз шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беруі жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға;
2) облыс қалалары мен аудандары әкімдері тиісінше қалалық және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Н.Бурлаченкоға жүктелсін.
Облыс әкімі
Облыс әкімиятының