Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысы
(2007.03.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 22 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:
Астана қаласы әкімдігінің 2005.06.05. № 3-1-323қ Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру Қағидасы бекітілсін (1-қосымша).
Астана қаласы әкімдігінің 2005.06.05. № 3-1-323қ Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қоса беріліп отырған оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру және өткізу Қағидасы бекітілсін (2-қосымша).
Астана қаласы әкімдігінің 2005.06.05. № 3-1-323қ Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1 Қоса беріліп отырған Жастардың кәсіп таңдау дағдыларына оқыту Қағидасы бекітілсін (3-қосымша).
Астана қаласы әкімдігінің 2005.06.05. № 3-1-323қ Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті жоғарыда көрсетілген Қағидаларға сәйкес "Халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар" ішкі бағдарламасын (бұдан әрі - ішкі бағдарлама) іске асыруды қамтамасыз етсін.
4. Астана қаласы әкімдігінің 2005.06.05. № 3-1-323қ Қаулысымен алып тасталды