2010 жылға дейін Астана қаласында жауын су канализациясы жүйесін дамыту бағдарламасы туралы
Астана қалалық мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 157/30-ІІ шешімі
(2009.28.05. берілген толықтыруларымен)
Астана қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 421/55-IV шешімімен күші жойылды
Астана қаласы мәслихатының 2009.28.05. № 226/35-IV Шешімімен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Астана қаласының әкімияты ұсынған 2010 жылға дейін Астана қаласында жауын су канализациясы жүйесін дамыту бағдарламасын қарап, Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабының және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының негізінде Астана қаласының мәслихаты былай деп шешті:
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылға дейін Астана қаласында жауын су канализациясы жүйесін дамыту бағдарламасы бекітілсін.
Астана қалалық мәслихаты
| сессиясының төрағасы | Н.М. Петухова |
Астана қалалық мәслихаты
| хатшысының міндетін атқарушы | Н.И. Мещеряков |
Астана қалалық мәслихатының
2002 жылғы 2 мамырдағы
№ 157/30-ІІ
шешімімен бекітілген
2010 жылға дейін Астана қаласында жауын су
канализациясы жүйесін дамыту бағдарламасы
1. Төлқұжат
Бағдарламаның атауы:
2010 жылға дейінгі Астана қаласының нөсерлі кәріз жүйесін дамыту
бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама)
Бағдарламаны әзірлеуші:
«Астанагенплан» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
Дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мерзімі: 2002-2010 жылдар
Бағдарлама құрылымы:
Сегіз бөлімнен тұратын Астана қаласындағы нөсерлі кәріз жүйесін және орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту бағдарламасы.
2. Кіріспе