Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 28 мамырдағы № 226/35-IV Шешімі
(2015.23.12. берілген өзгерістермен)
Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV Шешімімен; Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 166/21-VI шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның 1-бабының, 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген, Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы | М. Оралов |
| Астана қаласы мәслихатының хатшысы | В. Редкокашин |
Астана қаласы мәслихатының
2009 жылғы 28 мамырдағы
№ 226/35-IV шешіміне
қосымша
Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 157/30-ІІ 2010 жылға дейін «Астана қаласында жауын су канализациясы жүйесін дамыту бағдарламасы туралы» шешіміне (2002 жылғы 25 мамырдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 200 нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 18 маусымда № 70 «Вечерняя Астана» газетінде жарияланған):
Шешімнің кіріспесінде «мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 158/30-ІІ «2010 жылға дейін Астана қаласында көшелер мен жолдарды қайта жаңарту бағдарламасы туралы» шешіміне (2002 жылғы 25 мамырдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 201 нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 02 шілдеде № 76 «Вечерняя Астана» газетінде жарияланған):
Шешімнің кіріспесінде «мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын.