Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 18.12.2008 № 586 БҰЙРЫҒЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 586 Бұйрығы

 

Осы редакция 2009 жылғы 7 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 18) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесі бекітілсін.

2. «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 6 маусымдағы № 197 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 маусымда № 4763 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2007 жылғы 20 шілдеде № 110 (1313 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызмет пен қаржылық бақылауды дамыту департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Жәмішев

 

Қазақстан Республикасы  

Қаржы министрінің     

2008 жылғы 18 желтоқсандағы

№ 586 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қаржылық есептілікті депозитарийге беру

ережесі

 

1. Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) қаржылық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийіне (бұдан әрі - депозитарий) беру тәртібін, сондай-ақ депозитарийдің деректерін пайдалану тәртібін анықтайды.

2. Депозитарий - пайдаланушылар үшін ашық қатынаумен ұйымдар жыл сайын өткізетін қаржылық есептіліктің электрондық дерекқоры.

3. Депозитарий екі: негізгі және қосымша кіші бөлімнен тұрады.

Депозитарийдің негізгі кіші бөлімі осы Ережеге қосымшасында көрсетілген депозитарий ұйымының сәйкестендіру көрсеткіштерін қамтиды.

Қосымша кіші бөлім ұйымдардың қаржылық есептілігін қамтиды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами