2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы
Атырау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 шешімі
(2010.08.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік Кодексіне және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Атырау қалалық мәслихатының 2010.03.02. № 168 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.09.04. № 184 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.09.07. № 197 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.07.10. № 206 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.08.12. № 226 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемде:
1) кірістер 56360318 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 22 738 797 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 366 839 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 697 867 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 16368178 мың теңге;
2) шығындар - 55658678 мың теңге;
3) Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 108400 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу-100000 мың тенге.
4) Бюджет тапшылығы (профициті) - 593586 мың теңге.
5) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - (-593586) мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 213000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 970000 мың теңге.
бюджет қаражатының бос қалдықтарының қозғалысы - 163414 мың теңге.
2. 2010 жылға арналған Атырау қаласы бюджетінің табыстары Бюджеттік кодекске сәйкес келесідей салықтық түсімдер есебінде жасақталатыны белгіленсін:
Облыс бюджетіне тіркелетін сомадан басқа, әлеуметтік және жеке табыс салығы;
Жеке және заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер мүлкіне салық;
Жер салығы;
Бірыңғай жер салығы;
Көлік құралдарына салық;
Мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыраға;