2009 жылға арналған қала бюджеті туралы
Атырау қалалық Мәслихатының 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 93 шешімі
(2009.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Атырау облыстық Мәслихатының Х сессиясының 2008 жылдың 12 желтоқсандағы № 137-ІV «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне және қалалық әкімияты ұсынған 2009 жылға арналған қалалық бюджет жобасын қарап, Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Атырау қалалық Мәслихатының 2009.21.01. № 107; 2009.22.04. № 117; 2009.08.07. № 128 ; 2009.23.10. № 145 шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 2009 жылға арналған қала бюджеті 1 қосымшаға сәйкес келесідей көлемде бекітілсін:
1) кірістер 39 989 027 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 20 606 133 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 302 503 мың теңге;
капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер - 3 018 091 мың теңге;
ресми трансферттер - 13 968 119 мың теңге.
2) шығындар - 39 065 613 мың теңге;
3) бюджет тапшылығы (профицит) - 923 414 мың теңге.
4) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - (- 923 414) мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 229 000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 1 270 000 мың теңге;
бюджет қаражаты бос қалдықтарының қозғалысы - 117 586 мың теңге.
2. 2009 жылға арналған Атырау қаласы бюджетінің табыстары Бюджеттік кодексіне сәйкес келесідей салықтық түсімдер есебінде жасақталатыны белгіленсін:
Облыс бюджетіне тіркелетін сомадан басқа, әлеуметтік және жеке табыс салығы;
жеке тұлға, жеке кәсіпкер мен заңды тұлға мүлкі үшін салық;
жер салығы;
көлік құралдары үшін салық;
бірыңғай жер салығы;
акциздер;
заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық;
жер телімдерін пайдаланған үшін төлемдер;