Введите номер документа
Прайс-лист

«Әлеуметтік көмек туралы» Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 04 наурыздағы № 70 қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 4 марта 2010
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 4 марта 2010

Әлеуметтік көмек туралы
Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 04 наурыздағы № 70 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағы 1-1)-тармақшасына, 14)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Көксу ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы көлемінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік көмектердің келесі түрлері бойынша қаржыландыруды жүргізсін:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылығына мал сатып алуына;

2) жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге;

3) мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету;

2. «Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмектерді тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін;

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке қосалқы шаруашылығына мал сатып алуына әлеуметтік көмекті 1 қосымшаға сәйкес;

2) жұмыс істеген және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмекті 2 қосымшаға сәйкес;

3) мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмекті 3 қосымшаға сәйкес.

3. Көксу ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Әлеуметтік көмек туралы» № 59 қаулысының (Көксу ауданының Әділет басқармасында 2007 жылдың 12 наурызында № 2-14-41 болып мемлекеттік тізілімде тіркелген, 2007 жылы 22 наурыздағы № 13 (4323) «Көксу таңы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.

5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом