2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 25-1 шешімі
(2010.23.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2010.23.02. № 27-2 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 2 979 998 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 450 656 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 16 074 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 239 мың теңге;
трансферттер түсімі - 2 508 029 мың теңге;
2) шығындар - 3 001 533 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 35 340 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 35 340 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -56 875 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)- 56 875 мың теңге.
2. 2010 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 16-1 облыстық Мәслихат сессиясының шешіміне және осы шешімінің 8 тармағына сәйкес қалыптастырылады.
3. Қазақстан Республикасының «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабы қатерге және басшылыққа алынсын.
Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2010.23.02. № 27-2 шешімімен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)