2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 16-1 шешімі
(2010.13.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2011.11.03 № 35-6 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010.17.02. № 19-1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.12.04. № 20-2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.12.05. № 21-1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.14.06. № 22-1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.30.07. № 23-1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.15.10. № 25-1 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.27.10. № 26-1 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.13.12. № 28-1 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшыларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 82 739 285 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 27 670 785 мың. теңге;
салықтық емес түсімдер - 191 594 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6 900 мың теңге;
трансферттерден түсетін түсімдер - 54 870 006 мың теңге;
2) шығындар - 87 742 389 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - -505 890мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік несиелер - 867 301 мың теңге;
бюджеттік несилерді өтеу - 1 373 191 мың теңге;
4) қаржы активтерімен болатын операциялар бойынша сальдо - -207 900 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 209 900 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 4 714 095 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру - -4 705 114 мың теңге.