Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 16-1 «2010-2012 жылдарға арналған
облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 28-1 шешімі
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2011.11.03 № 35-6 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 16-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3035 тіркелген, 2009 жылғы 29 желтоқсандағы, 2010 жылғы 7 қаңтардағы, 2010 жылғы 14 қаңтардағы, 2010 жылғы 21 қаңтардағы, 2010 жылғы 23 қаңтардағы, 2010 жылғы 26 қаңтардағы, 2010 жылғы 4 ақпандағы, 2010 жылғы 9 ақпандағы, 2010 жылғы 11 ақпандағы, 2010 жылғы 16 ақпандағы «Приуралье» газетінде № 147, № 1, № 3, № 7, № 8, № 9, № 13, № 15, № 16, № 18 және 2009 жылғы 29 желтоқсандағы, 2009 жылғы 31 желтоқсандағы, 2010 жылғы 7 қаңтардағы, 2010 жылғы 12 қаңтардағы, 2010 жылғы 14 қаңтардағы «Орал өңірі» газетінде № 147, № 148, № 1, № 2-3, № 4 жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақта:
1) тармақшадағы «82 740 796» деген сан «82 739 285» деген санмен ауыстырылсын;
«54 871 517» деген сан «54 870 006» деген санмен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «87 743 900» деген сан «87 742 389» деген санмен ауыстырылсын;
2) 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. 2010 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерві 614 853 мың теңге көлемінде бекітілсін.»;
3) аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Елемисов |