Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы Рұқсатсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісім (Берн қ., 2010 жылғы 4 наурызда)

Информация о документе
Датачетверг, 4 марта 2010
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 4 марта 2010

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық
Кеңесі арасындағы Рұқсатсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы
келісім
(Берн қ., 2010 жылғы 4 наурызда)

 

ҚР 2014 жылғы 14 қарашадағы № 251-V Заңымен ратификацияланды

2015 жылғы 1 ақпанда күшіне енді

 

Осы Келісімге Жұмыс хаттамасын қараңыз

 

Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі, заңсыз көші-қонға қарсы неғұрлым тиімдірек күресу мақсатында ынтымақтастықты күшейтуге ниеттене отырып, осы Келісім арқылы және өзара түсіністік негізінде Қазақстан Республикасының және Швейцария Конфедерациясының аумағына келу, онда болу немесе тұру үшін шарттарды орындамаған немесе бұдан әрі орындамайтын адамдарды сәйкестендіру және қайтару үшін жылдам және тиімді рәсімдер орнатуға және ынтымақтастық рухында осындай адамдардың транзитін жеңілдетуге ниет білдіре отырып,

осы Келісім халықаралық актілерден, оның ішінде адам құқықтары жөніндегі халықаралық актілерден туындайтын Қазақстан Республикасының және Швейцария Конфедерациясының құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайтынын атап көрсете отырып, төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап
Анықтамалар

 

Осы Келісімнің мақсатында:

1) «Реадмиссия» осы Келісімнің ережелеріне сәйкес сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына заңсыз келген, онда болатын немесе тұрып жатқан адамдарды (сұрау салынатын Тарап мемлекетінің азаматтарын, үшінші мемлекеттердің азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды) сұрау салушы Тараптың құзыретті органының қайтаруын және сұрау салынатын Тараптың құзыретті органының қабылдауын білдіреді.

2) «Сұрау салушы Тарап» осы Келісімнің II тарауына сәйкес реадмиссия туралы өтініш немесе III тарауына сәйкес транзит туралы өтініш жіберетін Тарапты білдіреді.

3) «Сұрау салынатын Тарап» осы Келісімнің II тарауына сәйкес реадмиссия туралы өтініш немесе III тарауына сәйкес транзит туралы өтініш жіберілетін Тарапты білдіреді.

4) «Үшінші мемлекеттердің азаматтары» Тараптар мемлекеттерінің азаматтығынан басқа кез келген мемлекеттің азаматтығы бар адамды білдіреді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом