Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы Рұқсатсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге Жұмыс хаттамасы (Берн қ., 2010 жылғы 4 наурызда)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 4 марта 2010
Статус
Действующийвведен в действие с 1 февраля 2015
Дата последнего изменениячетверг, 4 марта 2010

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы

Рұқсатсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы

келісімге Жұмыс хаттамасы

 (Берн қ., 2010 жылғы 4 наурызда)

 

2015 жылғы 1 ақпанда күшіне енді

 

Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Швейцария Конфедерациясының Федералдық әділет және полиция департаменті,

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы Рұқсатсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімнің (бұдан әрі - «Келісім») 17-бабына сәйкес, төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

Азаматтықтың дәлелдемесі ретінде қарастырылатын құжаттар

(Келісімнің 6-бабы)

 

Сұрау салынатын мемлекет Қазақстан Республикасы болғанда:

- қазақстандық паспорттың кез келген түрі,

- ұлттық жеке куәліктер

Сұрау салынатын мемлекет Швейцария Конфедерациясы болғанда:

- швейцариялық паспорттың кез келген түрі,

- ұлттық жеке куәліктер.

 

 

2-бап

Азаматтықтың дәлелдемесі презумпциясы ретінде қарастырылатын құжаттар

(Келісімнің 6-бабы)

 

- осы Жұмыс хаттамасының 1-бабында санамаланған кез келген құжаттардың фотокөшірмелері,

- әскери куәліктер мен әскери билет,

- қызметтік куәлік,

- теңізшінің тіркеу кітапшасы және шкиперлердің қызметтік карточкалары,

- азаматтық сертификаттары және азаматтыққа сілтемесі бар немесе анық көрсететін басқа да ресми құжаттар,

- жүргізуші куәліктері,

- туу туралы куәліктер,

- куәгерлердің өтініштері,

- мүдделі адам жасаған өтініштер және ресми тестердің нәтижелерін қоса алғанда, қарым-қатынас тілі,

- сұрау салатын мемлекет ұсынған ДНК талдауларының нәтижелері,

- биометрикалық деректер,

- ресми дактилоскопиялық деректер,

- мүдделі адамның азаматтығын анықтауға көмектесуі мүмкін кез келген басқа құжат,

- жоғарыда санамаланған құжаттардың кез келгенінің фотокөшірмелері.

 

 

3-бап

Үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың

реадмиссиясы үшін жағдайлардың барына дәлелдеме ретінде

қарастырылатын құжаттар

(Келісімнің 7-бабы)

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!