Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен қалалардағы жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәслихатының 2001 жылдың 27 маусымдағы № 11/127-ІІ шешімі
(2008.12.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ОҚ облыстық мәслихатының 2008.27.03. № 5/79-IV шешімімен преамбула мен тақырып өзгертілді (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына сәйкес облыс әкімияты енгізген ұсынысын қарап, облыстық мәслихат шешті.
ОҚ облыстық мәслихатының 2008.27.03. № 5/79-IV шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
1. Жер телімдерін жекеменшікке беру кезінде, мемлекетпен немесе мемлекеттік жер пайдаланушылармен жалға өткізу кезінде олардың кадастрлық (бағалық) құнын анықтау үшін Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалардағы жер телімдері мен аймақтық шекаралары үшін төлемнің базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1 және 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
ОҚ облыстық мәслихатының 2008.27.03. № 5/79-IV шешімімен 2-тармақпен толықтырылды (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы
ОҚ облыстық мәслихатының 2008.27.03. № 5/79-IV шешімімен 1-қосымша өзгертілді (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
Қосымша № 1