Введите номер документа
Прайс-лист

«Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсатты алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 9 наурыздағы № 92 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 9 марта 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 11 июня 2012

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсатты алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 9 наурыздағы № 92 бұйрығы

 

ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 108 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 11-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі туралы ереженің 13-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсатты алуға қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және аккредиттеу департаменті (Ғ.Р. Әбдірайымов) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және кейін бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. «Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсатты алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 170 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 5206 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 маусымдағы № 93 (1493) «Юридическая газета» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

С. Нокин

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами