Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 53 қаулысы
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 498 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысы әкімдігінің
2010 жылғы 27 сәуірдегі № 53
«Жергілікті маңызы бар тарих
және мәдениет ескерткіштерінің
мемлекеттік тізімін бекіту
туралы» қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
| № | Атаулары | Ескерткіш түрі | Орналасқан жері |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| Ақсу ауданы |
| 1 | Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес-жауынгерлерге арналған Даңқ мемориалы, 1985 жыл | қала құрылысы және сәулет | Ақсу ауылы |
| 2 | Ақын Сара ескерткіші, 1993 жыл | қала құрылысы және сәулет | Ақын Сара ауылы |
| 3 | Танеке батыр кесенесі, ХІХ ғасыр | қала құрылысы және сәулет | Арасан-Қапал тас жолының бойынан 8 км |
| 4 | Байғотанұлы Көтен-Тәуіп кесенесі, 1993 жыл | қала құрылысы және сәулет | Алматы-Өскемен тас жолының бойында, Жансүгіров кентінен 4 км |
| 5 | 1941-1945 жж. қаза болған жауынгерлер құрметіне арналған обелиск, 1975 жыл | қала құрылысы және сәулет | Есеболатов ауылы |
| 6 | «Қара ағаш» музейі, 1991 жыл | қала құрылысы және сәулет | Жаңақоғам ауылы |
| 7 | Германияны жеңу құрметіне орнатылған Даңқ обелискісі, 1975 жыл | қала құрылысы және сәулет | Жансүгіров ауылы |
| 8 | І. Жансүгіров бюсті, 1975 жыл | қала құрылысы және сәулет | Жансүгіров ауылы |