Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 498 Қаулысы
Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 258 Қаулысымен күші жойылды
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасынның жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 53 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2052 тіркелген, 2010 жылдың 17 маусымында «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін, оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қауылының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Р. Алиге жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының