Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 258 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 498 «Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5840 болып тіркелген) қаулысы күші жойылды деп танылсын.
3. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2)осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін, Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы облысының әкімі | М. Султангазиев |
Алматы облысы әкімдігінің
2024 жылғы 16 тамыздағы
№ 258 қаулысына қосымша
| № | Атаулары | Ескерткіш түрі | Орналасқан жері |
| Балқаш ауданы |
| 1. | Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған батырлардың ескерткіші, 1978 жыл | монументтік өнер құрылысы | Бақанас ауылы |
| 2. | Бақтыораз Бейсекбаев бюсті, 1998 жыл | монументтік өнер құрылысы | Бақанас ауылы |
| 3. | Дінмұхамед Қонаев бюсті, 1998 жыл | монументтік өнер құрылысы | Бақанас ауылы |