2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 232 шешімі
(2010.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 8 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына және «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 219 Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010.11.02. № 279 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.09.04. № 293 шешімімен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 83 754 404,5 мың теңге,
оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 28 181 722 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 1 498 695мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 54 073 987,5 мың теңге;
2) шығындар - 86 059 641,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 202 105,1 мың теңге,
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 751 326 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 953 431,1 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын
операциялар бойынша сальдо - 425 150 мың теңге,
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 425 150 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 2 528 282 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 528 282 мың теңге;
2. 2010 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін:
1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласына - 22 процент, Мұғалжарға - 27 процент, Темірге - 71 процент, Хромтауға - 31 процент, Шалқарға - 32 процент және қалған аудандарға 100 проценттен;