«2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы кезекті XXV сессиясының № 25/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 31/2 шешімі
Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 29 тамыздағы № 455/1 Хатымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы кезекті XXV сессиясының № 25/2 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 28 желтоқсанында 10-1-125 нөмірімен тіркелген, қалалық «Ақмешіт ақшамы» газетінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 82 (686-687) және «Кызылорда таймс» газетінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 54 (999) сандарында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2-тармақта:
«93881» деген сандар «99655» деген сандармен ауыстырылсын;
аталған шешімнің 5-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХІІ сессиясының төрағасы | Ү.Балатаев |
Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы | И. Құттықожаев |
1-қосымша
Қызылорда қалалық мәслихатының
2010 жылғы 14 шілдедегі
кезекттен тыс XXXII сессиясының
№ 31/2 шешімімен бекітілген
1-қосымша
Қызылорда қалалық мәслихатының
2009 жылғы 22 желтоқсандағы
кезекті XXV сессиясының
№ 25/2 шешімімен бекітілген
2010 жылға арналған қалалық бюджет
Санаты | Сомасы, мың теңге |
| Сыныбы |
| | Ішкі сыныбы |
| | | Ерекшелігі |
| | | | Атауы |
| | | | 1. Кірістер | 15 426 029 |