2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Павлодар облыстық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 259/21 шешімі
(2010.04.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 25 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2- тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Павлодар облыстық мәслихатының 2010.03.02. № 265/22 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.09.04. № 272/24 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.04.06. № 286/25 шешімімен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға мына көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 68684032 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 12659980 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 360635 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 55663417 мың теңге;
2) шығындар - 68331911 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -145920 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 642736 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 788656 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 178432 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 178432 мың теңге;
5) бюджет профициті - 319609 мың теңге;
6) бюджет профицитін пайдалану - -319609 мың теңге.
Павлодар облыстық мәслихатының 2010.04.06. № 286/25 шешімімен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бюджеттеріне салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2010 жылға мына көлемдерде үлестіру бекітілсін:
жеке табыс салығы бойынша:
Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар қалаларына - 100 пайыз, Екібастұз қаласына - 51,2 пайыз;
әлеуметтік салық бойынша: