«Солтүстік Қазақстан облысы аумағында» «Көкшетау» «Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
аумағында қорғау аймағы мен табиғатты пайдалану режимін орнату туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 32 қаулысы
(2007.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 9 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
СҚО әкімдігінің 2007.12.11. № 257 Қаулысымен тақырып жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27 бабы 1 тармағы 9) тармақшасына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 Заңы 10 бабы 2 тармағы 11) тармақшасы және 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 123 бабына сәйкес, «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше қорғау және сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігі қаулы етеді:
СҚО әкімдігінің 2007.12.11. № 257 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар орнатылсын:
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында жер пайдаланушылар мен жеке меншік жер учаскелерін алып қоюсыз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ»(ілгеріде-ұлттық саябақ) мемлекеттік мекемесі шекарасы маңайында ені екі километр қорғау аймағы;
қосымшаға сәйкес ұлттық саябақтың қорғау аумағында табиғатты пайдалану режимі;
қорғау аймағының шекарасы ұлттық саябақ шекарасы конфигурациясына ұқсас.
СҚО әкімдігінің 2007.12.11. № 257 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.С.Ескендіровке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
СҚО әкімдігінің 2007.12.11. № 257 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)