2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-IV шешімі
(2010.03.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 72, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2008-2010 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы», «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010.15.01 № 18/237-IV шешімімен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010.09.04. № 20/245-IV шешімімен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.17.05. № 21/269-IV шешімімен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.20.07. № 22/276-IV шешімімен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 125932916,7 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 16350333,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1199310,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 108383273,7 мың теңге;
2) шығындар - 126900181,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 2030509 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 3105137 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1074628 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 42000 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 42000 мың теңге;