Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға
арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2335 Қаулысы
(2010.10.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.10.08. № 813 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.10.08. № 813 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.10.08. № 813 Қаулысымен жоспар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2335 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1. Миссиясы және пайымдауы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) миссиясы - бұл Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын қалыптастыру және оны іске асыруды үйлестіру.
Пайымдауы - 2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бірінен жоғары сапалы өсуі.
2. Ағымдағы жағдайды талдау
2.1. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту