Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 7 шілдедегі № 135 Қаулысы
(2010.29.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.29.03. № 49 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 14-2-тармағына және 13-бабының 4-2-тармағына сәйкес, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08. № 189 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 133 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4734 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2007 жылғы 13 шілдедегі № 106 (1309) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.