Введите номер документа
Прайс-лист

«Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру мәселелері» Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қазандағы № 275 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 27 октября 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 2 апреля 2013

Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру мәселелері
Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қазандағы № 275 қаулысы

 

Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 22 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру шарттары (бұдан әрі - Шарттары) бекітілсін.

2. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, Атырау облысы Қаржы басқармасы, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органдары болып табылатын, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар Шарттардың бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Т. Әжіғалиеваға жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

 

 

Облыс әкімі 

Б. Рысқалиев

 

Облыс әкімдігінің

2010 жылғы 27 қазандағы № 275

қаулысымен бекітілген

 

 

1. Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру шарттары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру шарттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру тәртібі мен негізгі қағидаларын белгілейді.

2. Төменде келтірілген терминдер келесідей түсіндіріледі:

1) жалға беруші - меншік иесі атынан мүлікті жалға беруге уәкілетті тұлға;

2) жалға алушы - белгіленген төлемге мүлікті уақытша иеленуге және пайдалануға алушы (жеке және заңды тұлға) жалдау шартындағы тарап;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом