Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 22 Қаулысы
Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 353 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабының 1), 26) тармақшаларына және 74-бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасы бекітілсін.
2. «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы және аудандардың әкімдері осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
3. Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қазандағы № 275 «Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру мәселелері» қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2576 болып тіркелген, «Атырау» газетінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 147 санына жарияланған).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Т. Әжіғалиеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
Атырау облысы әкімдігінің
2013 жылғы 23 қаңтардағы № 22
қаулысына қосымша
Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру
қағидасы
1. Жалпы ережелер