Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 Бұйрығы
(2008.01.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 21 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2007 жылғы 24 тамыздағы
№ 244 бұйрығымен
бекітілген
Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының
(куәландырылған көшірмесінің) күшін жою
ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2008.01.10. № 258 Бұйрығымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әділет департаменттерімен (басқармаларымен) (бұдан әрі - тіркеуші орган) тіркеу істерінде сақталатын құжаттардың мынадай түрлерінің телнұсқасын берудің және күшін жоюдың тәртібін белгілейді:
1) жоғалған немесе бүлінген құқық белгілеуші құжаттың түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесі);
2) меншік құқығы туралы куәліктің (бұдан әрі - Куәлік) телнұсқасын берудің және күшін жоюдың тәртібін белгілейді.