2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 372-IV шешімі
(2011.29.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және облыс әкімдігі ұсынған 2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарап, облыстық мәслихат XXV сессиясында ШЕШТІ:
Атырау облыстық мәслихатының 2011.12.01. № 397-IV шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.02.03. № 409-IV шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.20.04. № 427-IV шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.29.07. № 445-IV шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 111 562 622 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 51 446 259 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 655 092 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 216 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 58 458 055 мың теңге;
2) шығындар - 108 015 003 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 902 160 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер - 1 168 870 мың теңге;
несиелерді өтеу - 266 710 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 4 782 513 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 5 001 513 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 5 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -2 142 456 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 142 456 мың теңге.