2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 35/349-IV шешімі
(2011.31.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.23.02. № 37/381-IV шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.16.03. № 38/389-IV шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.12.05. № 40/393-IV шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.07. № 42/420-IV Шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.12.10. № 45/444-IV шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.31.10. № 46/446-IV шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 262 211 029 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 13 932 715 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 499 599 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 247 778 715 мың теңге;
2) шығындар - 261 177 361 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 5 567 255 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 6 277 709 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 710 454 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 3 081 978 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 3 081 978 мың теңге;