Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 Қаулысы
(2012.17.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.17.01. № 90 Қаулысымен стратегиялық жоспар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 8 ақпандағы
№ 96 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
Мазмұны
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларындағы (аясындағы) даму үрдістерін талдау
3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштерi
4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
6. Тәуекелдерді басқару
7. Бюджеттік бағдарламалар
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы - мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызметтер көрсетуге, мемлекеттік және басқа тілдердің қарқынды дамуына, ұлттық бірлігінің нығаюына, мемлекет пен азаматтық сектор әріптестігінің тиімді жүйесін қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты әзірлеу және тиімді іске асыру.
Пайымдауы - азаматтық бастамаларды іске асырудың тиімді тетіктері, ұлттық бірлігінің мызғымас қағидаттары бар, жалпыұлттық мәдени және тілдік орта.
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларындағы (аясындағы) даму үрдістерін талдау