Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.05.07 № 919 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2012 2013 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 919 Қаулысы

 

Осы редакция 2012 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, шетелдік және отандық инвесторлар үшін тартымды инвестициялық ахуал жасау, Ақмола облысына туристер ағынын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2012 - 2013 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Жоспарды орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:

1) Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) жыл сайын, жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 1 қаңтарға және 1 шілдеге Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жыл сайын, 20 қаңтарға және 20 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 5 шілдедегі

№ 919 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың

2012 - 2013 жылдарға арналған жоспары

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Шығындар, барлығы (млн. теңге)

соның ішінде жылдар бойынша

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

I. Щучинск-Бурабай курорттық аймағының (бұдан әрі - ЩБКА) туристік әлеуетін дамыту жөніндегі шаралар

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами