«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1643 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 252-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
«Агроөнеркәсіп кешен салаларын тұрақты дамыту» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті елдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту және өнімдер экспортын ұлғайту» деген 1-мақсатта:
«Мал шаруашылығы және тауарлы балық өсіру өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру» деген 1.2-міндетте:
«Тауарлы балық өсіру өнімдерінің өндірісі, оның ішінде, субсидияланатын өнімдер» деген 8-жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «1000» және «727,4» деген сандар алынып тасталсын;
«Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» деген 4-бөлімінің «Әкімшілік кедергілерді төмендету» деген 4.4-мақсатында:
«Мемлекеттік бақылау субъектілерін жоспарлы тексерулер санын азайту (тексеру жүргізудің жыл сайынғы жоспарына сәйкес):» деген 1-жолда:
«балық шаруашылығында» деген жолдағы «365», «340», «325», «325» деген сандар тиісінше «1499», «1494», «1489», «1484» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлім осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы