Карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақты анықтаудың кейбір мәселелері туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 461 Қаулысы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 192 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 08-13/106 ұсынысы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 424 «Карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақты анықтау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3385 тіркелген, 2012 жылғы 28 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газетінде № 16 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулысының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Облыс әкімдігінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 307 «Облыс шаруашылықтарына жатаған үкекіре бойынша карантин қою және оның таралуына жол бермеу мен жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3226 тіркелген, 2007 жылғы 13 қарашада «Ақтөбе» газетінде № 138 және 2007 жылғы 20 қарашада «Актюбинский вестник» газетінде № 142 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) (М.С.Жұмағазиев) осы қаулыны басқарманың интернет - ресурсында орналастырсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Облыс әкімдігінің
2012 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 461 қаулысына қосымша