Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Қазақстан Республикасының медицина колледжінің 2013 жылғы үздік түлегі» республикалық конкурсын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 185 Бұйрығы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қазақстан Республикасының медицина колледжінің 2013 жылғы үздік түлегі» республикалық конкурсын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 185 Бұйрығы (күші жойылды)
Датавторник, 26 марта 2013
Статус
Утратил силу
утратил силу с 7 апреля 2014

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Медицина-корпоративный, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

«Қазақстан Республикасының медицина колледжінің 2013 жылғы үздік түлегі» республикалық конкурсын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 185 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 156 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республиқасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 908 бұйрығымен бекітілген, 2013 жылға арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің негізгі Ұйымдастыру іс-шаралары жоспарының 91-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қызылорда қаласында «Қызылорда медицина колледжі» МҚКМ-нің базасында 2013 жылғы 19 сәуірде медицина колледжі түлектерінің арасында «Қазақстан Республикасының медицина колледжінің 2013 жылғы үздік түлегі» атты республикалық конкурс (бұдан әрі - Конкурс) өткізілсін.

2. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының медицина колледжінің 2013 жылғы үздік түлегі» атты республикалық конкурс туралы ереже;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық комиссияның құрамы бекітілсін.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша):

1) 2013 жылғы 10 сәуірге дейін медицина колледжінің үздік түлегіне арналған конкурстың колледжішілік және өңірлік турлары өткізілсін;

2) конкурстың өңірлік турының жеңімпазы туралы материалдарды ағымдағы жылғы 15 сәуірден кешіктірмей республикалық конкурс комиссиясына ұсынсын;

3) конкурстың өңірлік турының жеңімпазын республикалық конкурсқа қатысуын қамтамасыз етсін;

4. Іссапар шығыстары конкурсқа қатысушылардың оқу орындарына және еріп жүретін тұлғалардың негізгі жұмыс орнына жатқызылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Жауапты хатшы

С. Мусинов

 

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Демо – версия документа
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!