«Қазақстан Республикасыныә медицина колледждерінің үздік түлегі» IV республикалық кәсіби конкурсын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 156 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 763 бұйрығымен бекітілген, 2014 жылға арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің негізгі ұйымдастыру іс-шаралары жоспарының 70-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Өскемен қаласында «Өскемен медицина колледжі» МҚКМ-нің базасында 2014 жылғы 29 сәуірде медицина колледжі түлектерінің арасында «Қазақстан Республикасының медицина колледждерінің үздік түлегі» атты IV республикалық кәсіби конкурс (бұдан әрі - Конкурс) өткізілсін.
2. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының медицина колледждерінің үздік түлегі» атты республикалық кәсіби конкурс туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша):
1) 2014 жылғы 10 сәуірге дейін медицина колледжінің үздік түлегіне арналған конкурстың колледжішілік және өңірлік турларын өткізсін;
2) конкурстың өңірлік турының жеңімпазы туралы материалдарды ағымдағы жылғы 15 сәуірден кешіктірмей республикалық конкурс комиссиясына ұсынсын;
3) конкурстың өңірлік турының жеңімпазын республикалық конкурсқа қатысуын қамтамасыз етсін.
4. Іссапар шығыстары конкурсқа қатысушылардың оқу орындарына және еріп жүретін тұлғалардың негізгі жұмыс орнына жатқызылсын.
5. «Қазақстан Республикасының медицина колледжінің 2013 жылғы үздік түлегі» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 185 республикалық конкурсын өткізу туралы бұйрығының күші жойылсын.