Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1157 Қаулысы
(2009.20.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009.20.04. № 556 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 935 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 35, 485-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 935 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 869 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 35, 375-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 қарашадағы
№1157 қаулысымен
Бекітілген
Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін
оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2009.20.04. № 556 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)